Жеңіске бірге жетеміз!

Жеңіске бірге жетеміз!

Haval брендінің Қазақстандағы дистрибьюциясы Jas Qyran балалар мен жасөспірімдер футбол клубымен демеушілік келісімге қол қойғаны туралы мақтанышпен хабарлайды. Бұл серіктестік Қазақстан футболындағы жас талантты дамытуға мықты серпін болмақ.

  • Haval Motor Kazakhstan 2021 жылғы наурыз айында құрылған сәттен бастап Қазақстан нарығында қарқынды дамып келе жатыр.
  • Жаһандық экономикадағы ағымдағы сын-қатерлер мен қиындықтарға қарамастан, GWM компаниясы болашаққа сеніммен қарайды және Қазақстан нарығында көшбасшылық позицияларды иеленіп қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан Республикасының үкіметімен және Astana Motors компаниясымен бірге жаңа жұмыс орындарын аша отырып, өз өндірісін дамытуға ұмтылады.
  • GWM үшін Қазақстан маңызды нарықтардың бірі болып табылады, сондықтан Astana Motors-пен бірлесіп еліміздегі жасөспірімдер спортын дамытуға әлеуметтік міндеттеме алуға шешім қабылданды.
    Нәтижесінде 2024 жылғы 31 шілдеде Haval Motor Kazakhstan мен Jas Qyran балалар мен жасөспірімдер футбол клубының демеушілік серіктестікке қол қою рәсімі өтті. 

Haval Motor Kazakhstan әрдайым жас талантты спортшыларды қолдауға және еліміздегі спорттың дамуына ықпал етуге ұмтылады. Jas Qyran балалар мен жасөспірімдер футбол клубына демеушілік етуіміз – біздің осы мақсатты орындауға деген ниетіміздің дәлелі.

2018 жылы құрылған Jas Qyran – Қазақстанның жетекші жасөспірімдер футбол клубтарының бірі. Клуб өзінің бай тәжірибесі мен білімін салып, жас футболшыларды дайындайды.

haval

Жас футболшылардың жаттығуына және ойын ойнауына ең жақсы жағдай жасалуын қамтамасыз ету үшін Haval Motor Kazakhstan мен Jas Qyran күш-жігерлерін біріктіреді.

Демеушілік келісімнің аясында Haval Motor Kazakhstan клубтың инфрақұрылымын дамыту және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін қаржылық қолдау көрсетеді және Қазақстандағы жасөспірімдер футболын ілгерілету үшін іс-шаралар өткізу және бағдарламалар жасау бойынша Jas Qyran серіктесі болады.

«Haval Motor Kazakhstan» ЖШС директоры, Кузнецов Эдуард Геннадьевич: «Біз бұл серіктестіктің екі жаққа да пайдалы болатынына және қазақстандық жастар футболының дамуына ықпал ететініне сенімдіміз. Jas Qyran футболшыларына болашақ жарыстарда сәттілік тілейміз және олардың дамуына үлес қоса алатынымызды мақтан тұтамыз» – деді.

«Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер футбол орталығы» ЖШС бас директоры Балтиев Зауржан Заиржанович: «Біз Haval Motor Kazakhstan компаниясын демеушіміз ретінде қарсы алуға қуаныштымыз. Бұл серіктестік бізге жас футболшыларымызды жетілдіруіміз үшін одан да қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Бірге спортта жаңа жетістіктерге жетеміз!» – деп тоқталды.

Haval Motor Kazakhstan мен Jas Qyran бұл серіктестіктің жемісті ынтымақтастық бастамасы болатынына және Қазақстандағы спорт қозғалысының дамуына ықпал ететініне сенімді».

haval

Басқа жаңалықтар

GWM 2024 конференциясы Қазақстан үш жүлденің иесі атанды

Толығырақ

Толығырақ

Қытайда 32 елдің 300 басты дилерлері қатысқан GWM инвесторларының саммиті өтті.

Толығырақ

Хабарландыру

Толығырақ

Haval M6: Отбасылық көкке шығу форматындағы тұсаукесер 200-ден астам қонақты таңғалдырды

Толығырақ

Haval Motor Kazakhstan Шанхай халықаралық автосалонында

Толығырақ