21 қыркүйек 2023
				Хабарландыру
								«Haval Motor Kazakhstan» ЖШС, ҚР-дағы Haval маркасының эксклюзивті дистрибьюторы, Шымкент қаласында дилерлік орталықты ашу бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- Автокөлік бизнесі саласында жұмыс тәжірибесінің болуы;
 - Тұрақты қаржылық жағдай;
 - Кәсіпқойлар командасының болуы;
 - Сауда залы, клиенттік және сервистік аймақ (3S) кіретін ғимараттың болуы;
 - Бренд стандарттарына сәйкес Haval дилерлік орталығын ұйымдастыруға инвестиция құюға дайын болу.
 
Дилер мәртебесін алуға өтінім беру үшін:
Үміткер сауалнамасын жүктеп алып, толтыру және мына мекенжайға жолдау қажет: s.zhuldas@haval-motor.kz
Бүгінгі таңда HavaI дилерлік желісі ҚР-дың 19 қаласында бар және 22 ресми дилерді қамтиды.
Біздің мақсатымыз – ҚР-дың кез келген қаласында әрбір ниет білдірген адамның өзінің Haval автокөлігін ресми дилерден сатып алу және оған қызмет көрсету мүмкіндігі болуы тиіс.
ҚР-дағы Haval дилері өз қаласының, облысының аумағында ресми өкіл мәртебесіне ие және өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүргізеді:
- Sales – автокөліктерді сату.
 - Service – автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу.
 - Spare parts – қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды өткізу.