01 сәуір 2023
				HAVAL MOTOR KAZAKHSTAN өзінің туған күнін атап өтеді
								1 сәуірде HAVAL MOTOR KAZAKHSTAN өзінің туған күнін атап өтеді - елімізде марканың салтанатты түрде ашылуынан бері тура 2 жыл толады.
Бұл кезең үлкен жеңістер мен қуанышты әсерлерге толы болды:
- Бүкіл Қазақстан бойынша кең шоурумдармен және сапалы сервиспен 19 дилерлік орталық ашылды.
 - mycar.kz онлайн-дилерінің жұмысы іске қосылды, оның көмегімен үйден шықпай-ақ HAVAL автомобилін сатып алуға болады.
 - 3600-ден астам бақытты клиенттеріміз брендтің премиум кроссоверлерінің иегерлері атанды, соның ішінде біздің тиімді бағдарламаларымыз бен ұсыныстарымыздың арқасында.
 - Брендтің жаһандық дамуына қосқан үлесі үшін Haval Global-дың "Вest newcomer Award" сыйлығымен марапатталды.
 
Сондай-ақ:
- HAVAL қатарының – Jolion, Dargo және H6 барлыққа сүйікті модельдерінің таныстырылымы өтті.
 - Алматы қ. ауқымды дилерлік конференция өткізілді, оған 70-тен астам қызметкер шақырылды.
 - Біздің жазылушыларымыз үшін керемет сыйлықтармен 10 байқау өткізілді!
 
Бұл тек қана басы! Алда - жаңа модельдер, жаңа дилерлік орталықтар және қызықты жаңалықтар.
Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет! HAVAL дилерлік орталықтарында кездескенше.